Сайрагүл Сауытбайдың Қытай концлагерлері туралы кітабы шықты

Онда этникалық қазақ «түзету орталықтарында» көрген қорлығы мен азабы туралы жазған


21/08/2020
17:04 47615 0

Фото дереккөзі: bugin.kz

 

Этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай Қытай концлагерлері туралы кітабын жазып шығарды. Онда ол өз көзімен көрген Қытай билігінің азшылық топтарға көрсеткен қатігездігі мен жәбірі туралы айтқан. Бұл туралы Deutsche Welle порталы хабарлады.

 

Кітап неміс тілінде жазылған. Атауы — «Бас куәгер». Сауытбай оны неміс жазушысы Александр Кавелиуспен бірге жазған. 

 

— Мен бастан кешкенімді әлемге айтып жеткізуге міндеттімін, — дейді Сауытбай. 

 

Сайрагүл Сауытбай — Қытайдың Шыңжаң аймағында туып өскен қазақ. Төрт жыл бұрын оны Қытай билігі «түзету орталықтарына» қамауға алады. Онда ол бес ай болып, Қазақстанға өтем деп, екі ел арасындағы шекарадан заңсыз өткен еді. Қазақстан оған пана бермей, Сауытбай отбасымен бірге Швецияға көшуге мәжбүр болды.

 

Қытай «түзету» лагерлерінде терроризмге бейім адамдарды қайта тәрбиелеп жатырмыз дейді. Бірақ онда отырып шыққандардың айтуынша, ондағы жағдай мүлдем басқаша. Сайрагул Сауытбай кітапта әйелдерге бедеу қылатын дәрі берілетінін, тұтқындарды «қараңғы бөлмеде» тоққа қосылған орындыққа отырғызып, тергеу жүргізетінін жазды. 

 

Құқық қорғаушылардың сөзінше, қазір Қытайда осындай 1 200 лагері бар. Онда миллионнан астам адам тұтқында отыр.

 

Поделиться

Нет комментариев.

21/08/2020 17:04
47615 0

Уведомление